М.Оспанов атындағы БҚМУ-ң Орал қ-ғы филиалы

Орал қаласында 2022 жылғы 22 сәуірде «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті» КЕАҚ филиалы ашылды. Оқу орталығы ШЖҚ «Облыстық көпбейінді ауруханасы» МКК базасында ашылды және резидент-дәрігерлердің жоғары оқу орнынан кейінгі білімімен айналысады.

Филиал ашудың басты мақсаты – медициналық кадрлардың жетіспеушілігін жою, өйткені бұл мәселе сапалы медициналық көмекті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Хирург, кардиолог, анестезиолог-реаниматолог, акушер-гинеколог және т.б. мамандығын алғысы келетін медициналық жоғары оқу орындарының түлектері резидентурада одан әрі оқудан өтеді.

БҚО-нда түрлі мамандықтағы дәрігерлердің тапшылығы орын алғандықтан, Орал қаласы мен облыстың түлектері, сондай-ақ жас мамандар Орал қаласында резидентурадан өте алады. Резидент-дәрігер медициналық ұйымда тәлімгердің қадағалауымен жұмыс істейді, дағдыларды, білім мен тәжірибені меңгереді. Ол пациенттерге көмек көрсету қызметіне жауап береді. Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысында 58 резидент-дәрігер жұмыс істейді.

Облыстық көпбейінді ауруханасында резиденттер келесі мамандықтар бойынша оқиды және жұмыс істейді: травматология, хирургия, анестезиология-реаниматология, гастроэнтерология, оториноларингология, жақ-бет хирургиясы, нейрохирургия, ангиохирургия.

Олардың барлығы ілімдер мен дағдыларды игеру мақсатымен практикалық сабақтарға қатысады, пациенттерге жетекшілік етеді, науқастардың теориялық және клиникалық талдауларына қатысады, кезекшілік кестесіне сәйкес түнде кезекшілік етеді, бөлімшелерде апта сайын клиникалық аралауға қатысады, медициналық құжаттама жүргізеді, санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізеді. Оталар мен медициналық манипуляцияларға қатысады. Резиденттердің бөлімшелердегі барлық іс-әрекеттері тәжірибелік даярлық сапасына жауапты кураторларымен, тағылымдамадан өтетін бөлімше меңгерушісімен келісіледі.

Медициналық ұйымдардағы резидент-дәрігерлердің жұмысы практикалық жұмыста зор көмегін көрсетеді, және емдеу мекемелеріндегі жоғары мамандандырылған білікті кадрлардағы тапшылықты толтырады.