Делегацияның панто-шипажайына сапары

Бүгін «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасы – ректор А.Қалиев бастаған, ғылыми және клиникалық жұмыс жөніндегі проректор Н.Мусин, иммунология курсымен микробиология, вирусология кафедрасының меңгерушісі С.Құрманғалиева және ғылыми кеңесші, профессор Амин Томодон (Иран) делегация құрамы «Зәру» пантоемдеу-шипажайы орталығында болды.

Мақсаты: панто-емдеу шипажайының ұйымдастыруымен, бірлескен ғылыми іс-шаралардың жүзеге асырылу мүмкіндіктерімен танысу.

Қысқаша анықтама: Мәртөк ауданы, Казанка ауылында 2018 жылдың маусым айында ашылған «Зәру» панто-емдеу шипажай орталығы мен жеке марал шаруашылығы бар.

«Зәру» панто-шипажайының меңгерушісі Б.Тілегенова шипажайға экскурсия жүргізіп, әртүрлі патологиялық жағдайларда марал мүйізінің емдік қасиеттерін тиімді пайдалану мүмкіндіктеріне кеңінен тоқталды. Шипажайда науқастарға мүйізді ванналар, фито-бөшкелер, панто-ингаляциялар, массаж секілді маралдардан өндірілетін өнімдерден арнайы дайындалған табиғи шикізаттық қызметтер көрсетіледі – барлық процедуралар табиғи дәрілік шикізатқа негізделген.

Мүйіздің емдік қасиеттерін пайдалану ғасырлар бойына жалғасып келе жатқан жүйе. Марал мүйіздері өте тез өседі, бұл олардың бірегей құрамын аңғартады. Олардың құрамында маңызды амин қышқылдары, макро және микро элементтер, витаминдер және басқа да пайдалы заттар бар. Талқылау барысында ғылыми ынтымақтастық туралы шешім қабылданды.