31 мамыр- саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған дөңгелек үстел
2021 жылдың 28 мамырында Марат Оспанов атындағы ЗҚМУ-ің тілдер кафедрасы, әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы, химия пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта «Алаш асылдары» дөңгелек үстелін ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел Қазақстан тарихындағы ең қайғылы беттерінің бірі – миллиондаған адамдардың өлімімен аяқталған жаппай саяси қуғын-сүргін және жан түршігерлік аштықты еске алу күніне арналды.
Спикерлер – Тайжанов А.Т.,Ғалымжанова Г.Т., Абдуллина Л.Н., Сабитбекова М.М. -мыңдаған жазықсыз сотталған адамдардың тағдыры туралы слайд-презентациямен мазмұнды баяндама жасады, осы қайғылы оқиғалардың себептері мен салдары туралы, Қазақстанға жер аударылған халықтар және оларды паналаған қазақ халқының жомарттығы туралы әңгімеледі. Баяндамаларда қоғам қайраткерлерінің, тоталитарлық режимнің қуғын-сүргіннің құрбаны болған қандастарымыздың өмірінен бұрын белгісіз фактілер келтірілді, мысалы химия кафедрасының негізін қалаушысы – Б.І.Байнашев.Студенттер Г.Қойшегулова, А.Тналиева жаппай аштықтың қорқынышты салдары туралы ақпараттық материал ұсынды.
Дөңгелек үстел соңында оқытушылар мен студенттер өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға қазіргі жастарды патриоттық рухта және ел тарихын құрметтеу рухында тәрбиелейтін іс-шаралар өткізгені үшін ризашылықтарын білдірді.