Халықаралық Саммит Туралы
“Астана медицина университеті” КЕАҚ-да 6 қыркүйекте Ариэль университетімен (Израиль) бірлесіп ұйымдастырылған “ХХІ ғасыр академиясы: медициналық білім, ғылым және практика авангардында” халықаралық саммиті басталды.
Үш күн бойы өткізілген Саммит жұмысына Қазақстан, Израиль, Өзбекстан, Әзірбайжан, Литва, Чехия, Оңтүстік Корея жетекші университеттерінің көрнекті ғалымдары қатысуды.
Саммиттің мақсаты: ХХІ ғасырдағы медициналық білім, ғылым және практика мәселелері мен сын-қатерлерін шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу, жаңа бастамаларды қалыптастыру, идеялармен алмасу және халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
Біздің университеттен саммит жұмысына басқарма төрағасы-ректор, м.ғ. д., профессор Ә.Қалиев, оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, м. ғ. к. Н.Әбенова қатысуда.
Бүгінгі академиялық әлем өткен академиялардан айтарлықтай ерекшеленеді, академиялық шеберлікке дәстүрлер мен инновациялар біріктірілген жерде ғана қол жеткізіледі.
Саммитте ақпарат берудің қарқынды дамып келе жатқан заманауи әлемімен бетпе-бет келетін классикалық академиялық әлемнің проблемаларын қарастырылады.
Саммит бағдарламасына пленарлық және секциялық отырыстар, панельдік пікірталастар, дәрістер, шеберлік сыныптары және дөңгелек үстелдер кіреді.
Отырыстың бірінші күн тәртібінде – “Университеттер ХХІ ғасырдың сын-тегеуріндеріне қалай жауап беруі тиіс?” ректорлар форумы; “Университет мектептері үшін оқыту мен зерттеудегі ХХІ ғасырдағы сын – қатерлер” декандарының форумы; “Жаңа толқын – жаңа көзқарас” ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА “Өмір және денсаулық туралы” ғылымдар бөлімінің жас ғалымдарының отырысы және т. б.
Сонымен қатар, Саммит делегаттары медицинаның болашағы, университеттің сәйкестігі, экожүйе ретіндегі университеттер, университеттердің халықаралық рейтингтері, жекелендірілген және профилактикалық медицина, медицинадағы академиялық стартаптар, спорттық медицина, фармация, молекулалық биология және т.б. мәселелері талқыланатын болады.
Саммит қорытындысы бойынша қарар қабылданады.