Практикалық сабақтар циклі

Марат Оспанов атындағы БҚМУ ғылыми-медициналық кітапханасында барлық факультеттердің 1 курс студенттеріне арналған кітапхананың электрондық ресурстарымен жұмыс істеу бойынша практикалық сабақтар циклі басталды.

Электрондық ресурстарға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі “Эпиграф”, “Дәрігер кеңесшісі” және “Студент кеңесшісі”, “Букап”, “IPR books” электронды кітапхана жүйелері кіреді, оларда оқулықтар, оқу құралдары, монографиялар, оқытылатын пәндер бойынша практикалық нұсқаулықтар, “Access medicine” ағылшын тіліндегі дереккөздер-оқулықтар, суреттер, медицина бойынша аудио және бейне материалдар, “CBS Ebooks” – Үнді баспасының медицина оқулықтары, “Сochrane кітапханасы” – дәлелді медицина бойынша материалдарды қамтиды.

Сабақтың мақсаты: Университет кітапханасы жағдайында өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру, ресурстармен, оның құрылымымен танысу, электрондық каталогта және кітапхана сайтында құжаттарды іздеу, электрондық ресурстарда тіркелу және оларға қашықтан қол жеткізу мүмкіндігі.