Астанадағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша жаһандық конференция

Дүниежүзілік денсаулық сақтау саласының көшбасшылары Астанада Алматы декларациясының қабылдануы және МСАК сәйкес Астана декларациясының қабылдануының 5 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Үкіметі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен ұйымдастырылған Бастапқы медициналық-санитарлық көмек (МСАК) бойынша халықаралық конференцияға жиналды.

Конференцияның мақсаты: пікір алмасу, 2018 жылдан бастап МСАК бойынша Астана декларациясының орындалу барысын түгендеу, нақты нәтижелер мен жетістіктерді көрсету, жалпы денсаулық сақтаумен қамтуға қол жеткізудегі МСАК рөлін талқылау.

Жаһандық конференцияға ДДҰ-ға мүше мемлекеттердің 70-тен астам ресми делегациялары, жас ғалымдар, медициналық және ғылыми қызметкерлер, сарапшылар және алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметтерін дамытумен айналысатын ҮЕҰ және басқа да тұлғалар қатысты, яғни 600-ден астам делегат сонымен қатар 1000-дай онлайн қатысушы болды.

«Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КЕАҚ Басқарма төрағасы – Ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Ә.А.Қалиев конференцияға екі күндігіне қатысты.
2023 жылдың 22 қазанында Ботаникалық бақта дәстүрлі іс-шара өтті – «Сөзден іске / Walk the talk / От слов к делу»» ұранымен қысқа қашықтыққа жүгіру, оған 800-ден астам адам, оның ішінде ДДҰ басшысы Тедрос Гебрейюс және ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, медицина қызметкерлері, студенттер және атақты спортшылар қатысты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Қазақстан халқына сөйлеген сөзінде баршаны зиянды әдеттерден бас тартуға, ішімдік ішпеуге, физикалық белсенділікке шақырды.

Сол күні денсаулық сақтау министрліктерінің, даму серіктестерінің және ДДҰ елдегі өкілдіктерінің 250-ден астам делегаты үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық комитетінің 73-сессиясының жанама оқиғасы «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету саясаты және тәжірибесі: жақсы нәтижелерге қол жеткізу» тақырыбында конференция алдындағы семинар өтті.

23 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті, Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Т.Гебрейюс, ДДҰ Еуропалық аймақтық директоры Х.Клюге, ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азиядағы аймақтық директоры Р.Де Доминисис, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудегі саясат пен тәжірибе: жоғары нәтижелерге ұмтылу» атты жаһандық конференцияның ресми ашылу салтанаты өтті.

Қазақстан Президенті конференцияда сөйлеген сөзінде барлық елдер дүние жүзіндегі адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға ұмтылуда біртұтас екенін және оған қол жеткізу үшін бірігіп жұмыс жасау қажет екенін атап өтті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен профилактикалық денсаулық сақтауды одан әрі ілгерілетудің негізгі міндетін жүзеге асыру үшін алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша елдердің коалициясын құру, сондай-ақ дамыту бойынша бірлескен ұсыныстар әзірлеу жолдары қарастырылды.

Конференцияның негізгі бағдарламасы пленарлық және параллельді отырыстардан тұрды. Конференция жастардың белсенді қатысу алаңына да айналды. Денсаулық сақтау министрі А.Ғинияттың және ДДСҰ өкілдерінің қатысуымен Республикалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының ашылуы өтті, ол аймақтық ұйымдарға одан әрі экстраполяциялау арқылы озық тәжірибені сынау және талдау алаңына айналады.
Жаһандық конференцияның қорытындысы бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмектің болашағы – оны дамыту және қолдау туралы бірлескен мәлімдеме қабылданды.