Phd докторантураның білім беру бағдарламаларының миссиясы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Phd докторантураның білім беру бағдарламаларының миссиясы

 

PHD ДОКТОРАНТУРАНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ МИССИЯСЫ

8D10101 «Қоғамдық денсаулық сақтау»

Қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтаудағы өзекті теориялық және практикалық мәселелерді, атап айтқанда ұлттық және халықаралық деңгейде медицина мен денсаулық сақтауды дамытуға үлес қоса алатын қоғам денсаулығы мен әлеуметтік жауапкершіліктің басым проблемаларын шешу үшін мамандар даярлау. Докторантура түлектерінің қазіргі заманғы ғылымды, практиканы және білім беруді жетілдіру мәселелерін тиімді шешуге, сондай-ақ олардың қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы кәсіби құзыреттілігінің жоғары деңгейге қол жеткізуге дайындығын қамтамасыз ету және жұмыс берушінің талаптары мен қоғамның әлеуметтік сұранысын ескере отырып, еңбек нарығының қазіргі өзгермелі талаптарына сәйкес келу.

8D10102 «Медицина»

Денсаулық сақтау, медициналық білім беру және зерттеулер жүйесіне құзыреттілік тәсілді енгізу арқылы қоғам денсаулығының проблемасын шешу үшін медицина ғылымын, медициналық білім беруді тиімді ілгерілетуге және ұлттық және халықаралық деңгейде медицинаның дамуына үлес қосуға қабілетті жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау.

8D10103 «Мейіргер ғылымы»

Жоғары білікті бәсекеге қабілетті ғылыми-педагогикалық кадрларды, ұлттық және халықаралық деңгейде мейіргер ғылымы мен мейіргер білімін тиімді ілгерілетуге қабілетті мейіргер эксперт сарапшыларын даярлау.