Резидентура бөлімі – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Резидентура бөлімі

  • Резидентура – клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білім алу нысаны
  • Мамандарды даярлау денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін клиникалық мамандықтар бойынша жүргізіледі.
  • Резидентураның мақсаты өз бетінше жұмыс істеу үшін дәрігер мамандардың сапасына қойылатын заманауи талаптарға жауап беретін білікті, бәсекеге қабілетті кадрларды даярлауды қамтамасыз ету болып табылады
  • Дәрігер –резидент білім беру бағдарламасы шеңберінде оқитын және штат бірлігі болған жағдайда клиникалық тәлімгер дәрігерінің қадағалауымен медициналық ұйымда жұмыс істейтін резидент.
  • Резидентура базасы – денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының клиникасы, университет ауруханасы, медициналық мекемелер (стационарлық ауруханалар, МСАК), ұлттық клиникалық орталық, ғылыми орталық немесе ғылыми-зерттеу институт.
  • Резидентураның білім беру бағдарламалары оқытудың клиникалық бағытын және тиісті мамандық бойынша тереңдетілген мамандандырылған даярлықты көздейді.
  • Резидентураның білім беру бағдарламаларын меңгеруге ниет білдірген тұлғалардың алдыңғы білім деңгейі – базалық медициналық білім, жоғары медициналық білім, интернатураның болуы немесе «Дәрігер» біліктілігін беру туралы құжатының болуы.
  • Резидентураның білім беру бағдарламасын меңгеру ұзақтығы мамандығы мен алдыңғы даярлығына қарай 2 жылдан 4 жылға дейін құрайды.

Резидентураның білім беру бағдарламаларының миссиясы – Даму бағдарламасына және «Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КЕАҚ миссиясына сәйкес жүзеге асырылады және Қазақстанның батыс өңірінің практикалық денсаулық сақтау қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген. Ол практикалық денсаулық сақтаудың әлеуметтiк маңызды мiндеттерiн шешу мақсатында қазiргi заманғы инновациялық технологияларды пайдалана отырып, өзiнiң кәсiби қызметiн сапалы түрде орындайтын, өзiнiң кәсiби шеберлiгiн бүкiл өмiр бойы серпiндi дамып келе жатқан қазiргi заманғы медицина жағдайында оқыту жолымен ұдайы жетiлдiретiн, сондай-ақ қоғамның, мемлекеттiң қажеттiлiктерi мен күтулерiн қанағаттандыратын белсендi азаматтық ұстанымы бар жоғары бiлiктi бәсекеге қабiлеттi дәрiгердi даярлаудан тұрады.

Резидентура бөлімінің кадрлық құрамы:

Деканның орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты, қауымдасқан профессор Құрманалина Гүлнар Лұқпанқызы

Резидентура деканатының мамандары:

  1. Тлеугали Гулнара Қасымқызы,
  2. Истегулова Гулнур Рахимовна,
  3. Маратова Асель Кенжебулатовна,

Байланыс телефоны: 8/7132/549330

e-mail: rezidentura@zkmu.kz

Мекен жайы: Актобе қаласы, Маресьев көшесі, 68, Марат Оспанов атындағы БҚМУ бас ғимараты, 604 кабинет