Комплаенс-офицер қызметінің негізгі мақсаты университеттің және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.
Комплаенс-офицердің негізгі міндеттері:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеушілік талаптар мен ең үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету;
2) “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады;
3) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалау;
4) Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру.
Комплаенс-офицер: Радик Сугралин Еленович
Байланыс телефоны: 8 (701) 732 85 67
E-mail: compliance@zkmu.kz
№ 2 оқу ғимараты, каб. 130