Мейірбикелік істі жетілдіру орталығының мастер класы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Мейірбикелік істі жетілдіру орталығының мастер класы

ProInka жобасы.
Өткізілетін күні: 16-20.04.18 ж.ж.
Өтетін орны: Ханзе қолданбалы ғылымдар университеті, Гронинген.
Мейірбикелік іс мектебі.

       2018 жылдың 16 сәуірінен 20 сәуір аралығында Гронинген қаласында (Нидерланды) Ханзе қолданбалы ғылым университетінің қабырғасында Эразмус жобасы аясында «Мейірбикелік істі жетілдіру орталығы» тақырыбында мастер класс өтті. Бұл шеберлік сағатқа ҚР БҒМ, АМУ, СММУ, ҚММУ, Назарбаев медицина мектебі және біздің университет өкілдері қатысты. Мастер класстың мақсаты – мейірбике ісінің озық тәжірибелерін және әдеби шолу нәтижелерін зерттеу, сондай-ақ осы ақпаратты Қазақстандағы Мейірбике ісі орталығының одан әрі жұмыс істеуі және дамуы үшін пайдалану болды.

Осы кезде Нидерландыда жүргізіп жатқан мейірбике ісі саласындағы мейіргерлік істі оқыту және білім беру бағдарламалары, ғылыми-зерттеу бағдарламалары және университеттің Университет госпиталіне барып тамашалау  ұсынылды. Келесі күндерде Қазақстандағы мейірбикелік істі жетілдіру орталығының миссиясы мен болжамы әзірленді, мейірбике ісі саласындағы проблемалық мәселелер талқыланды, барлық қатысушылар дискуссиялар мен пікірталастарға белсенді қатысты. Сондай-ақ, жобаның әрбір жұмыс пакетіне арналған ұйымдастырушылық мәселелер мен іс-шаралар әзірленді.