Vice-Rector for Strategic development, Science and International Cooperation, member of the Board

Стратегиялық даму, ғылым және халықаралық серіктестік жөніндегі проректор, Басқарма мүшесі «БҚМУ» КеАҚ ДК 2023 жылғы 20 қазанындағы №10 шешімімен тағайындалды

Журабекова Гульмира Атагулловна медицина ғылымдарының кандидаты, ассоцирленген профессор, невропатолог дәрігер.

1975 жылы 13 қазанда дүниеге келген, ұлты – қазақ. 2001 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина академиясының жалпы медицина факультетін тәмамадады. 2002 жылы «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша интернатураны аяқтады.

Педагогикалық мансабы: 2002 жылы Марат Оспанов атындағы БҚМА қалыпты және топографиялық анатомия кафедрасының стажер-оқытушысы қызметінен бастады. Жұмыс барысында ассистент, одан әрі кафедраның аға оқытушысы, кафедра доценті лауазымына ауыстырылды және 2020 жылы Марат Оспанов атындағы БҚММУ қалыпты және топографиялық анатомия кафедрасы жетекшісі міндетін атқарушы болып тағайындалды. 2023 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖММ іргелі медицина кафедрасының профессорының міндетін атқарды.

Адам анатомиясын оқытуда 21 жылдық тәжірибесі бар, үш тілде сабақ береді.

2022 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ “Қазақ университеті” редакциясында “Әйелдердің овариальды резервін және аналық без кистасы малигнизациясының ерте болжаушыларын зерттеу ерекшеліктері” және “Хиазмалық-селлярлық саласының клиникалық анатомиясы және оның қолданбалы маңызы” атты оқу құралдарын шығарды. 2023 жылы “овариальды резервінің гормоналды маркерлерін зертханалық зерттеу ерекшеліктері және олардың анықтамалық мәндері”оқу нұсқаулығын шығарды.

2022 жылдан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖАОК дайындау бойынша ” Адам анатомиясына кіріспе. Сүйектер, құрылым және функциялар” конкурсының жүлдегері.

Ғылыми мансабы: 2008 жылы С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ диссертациялық кеңесі жанындағы 14.00.15-Патологиялық анатомия мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады. 2018 жылы қауымдастырылған профессор ғылыми атағын алды.

“Медицина” мамандығы бойынша 3 магистрантты, 2х PhD докторантты қорғады: 2016 жыл PhD докторант А.Д. Балмагамбетова “хлорорганикалық пестицидтердің (линдан) әсер ету жағдайында аналық бездердің овариальды резервін морфофункционалды бағалау” тақырыбы бойынша; 2022 жыл PhD докторант А. С. Әділгереева «Ісіктері бар әйелдерде аналық без малигнизациясының морфологиялық индикаторларын зерттеу».

L ‘ Aquila Italy университетінде (2013ж) «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейімделгіш дене шынықтыру» мамандығы бойынша “Болашақ” халықаралық стипендиялық бағдарламасының түлегі болып табылады.

2014 жылы Лакуил университетінің биотехнология және микроскопия орталығында “Application of in Vitro Maturation techniques in the Biology of Reproduction” курсынан өтті. Италия.

2016 жылы «Knowledge transfer in the field of healthcare» курсынан өтті, Сentre hospitalier de l ‘ Universite de Montreal (CHUM) Canada.

2022 жылдан бастап ҚР БҒМ “мерзімінен бұрын босануды зерттеудің клиникалық, геномдық және экологиялық тәсілдері” гранттық жобасының жетекшісі (01.07.2022 – 31.12.2024 ж).

«Өздігінен мерзімінен бұрын босану генезіндегі гендік-инфекциялық өзара әсерді зерттеу» ҚР БҒМ гранттық постдок жобасының жетекшісі (01.09.2022-31.12.2024 ж.).

2023 жылы (мамыр-маусым) Jinan University (Қытай) репродуктивті медицина және эмбриология зертханасында академиялық ұтқырлық шеңберінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

Ғылыми ынтымақтастық бойынша жеке меморандум жасалды.

Ғылыми бағыты: репродуктивті морфология, аналық без резерві, аналық без иммуногистохимиясы, медициналық білім. Хирш индексі: h=8 Scopus, h= 6 Web of Science https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=55919978600

Дәрігерлік өтілі: 2008 жылы Марат Оспанов атындағы БҚММУ жанындағы “Ересектер невропатологиясы” мамандығы бойынша бастапқы мамандандырудан өтті, дәрігерлік өтілі 12 жыл.

Ақтөбе қаласындағы теміржол ауруханасында (2009-2014), Ақтөбе қаласындағы ЖМЖА (2015-2016), Алматы қаласындағы №4 МКБ (2022-2023) невропатолог дәрігер болып жұмыс істеді.

Физикалық нейрореабилитация әдістерін меңгерген, 2019 жылы «Инсульт кезіндегі ерте нейрореабилитацияның өзекті мәселелері» тренингінен өтті. «Өңіраралық клиникалық-диагностикалық орталық» МДДСМ. РФ, Қазан.

Кәсіби мансабы: өзінің кәсіби мансабын М. Оспанов атындағы БҚМА жас ғалымдар кеңесінің төрағасы болып бастады (2006-2010 жж.). 2011 жылдан 2013 жылға дейін ғылыми үйлестіру кеңесінің хатшысы қызметін атқарды. 2012 жылдан 2013 жылға дейін Марат Оспанов атындағы БҚММУ инновациялық даму және жоғары технологиялар трансфері департаментіне жетекшілік етті. 2013-2017 жылдары “Батыс Қазақстан медицина журналы” ғылыми басылымының жауапты шығарушы редакторы болды. 2018 жылы Марат Оспанов атындағы БҚМУ “Медицина” мамандығы бойынша диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары ретінде кеңес құрамына кірді.

2018 жылы Назарбаев университетінде «Leadership Development Program for State Healthcare Institutions» курсынан өтті. Астана қ.

2018 жылы Марат Оспанов атындағы БҚММУ ғылыми жұмыстар жөніндегі департаментінің басшысы болып тағайындалды. 2020 жылы Алматы қ. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ медицина және денсаулық сақтау факультетінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар кафедрасы меңгерушісінің орынбасары қызметіне қабылданды.

Қоғамдық қызметі: 2013 жылдан бастап “Әзірбайжанның жас дәрігерлері” қоғамдық ұйымымен жыл сайынғы “Medicine pressing questions 0073” ғылыми конференциясының ұйымдастыру комитетінің мүшесі. Баку, Әзірбайжан. “Topical issue in medicine ” III Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының ұйымдастырушысы. Баку, Әзірбайжан 20-21/04/2014.

2014 жылдан бастап М. Оспанов атындағы БҚММУ ғылыми байланыстар мен әріптестік үйлестірушісі және L’ Aquila университетінің (Италия), студенттерге арналған кадавер курсының ұйымдастырушысы болып табылады.

2021 жылы ТМД аумағында алғаш рет “Іnternational symposia on Morphological Sciences” XXVII Халықаралық морфологиялық ғылымдар симпозиумын ұйымдастырды. 2021 жылғы Конгресс Президенті. https://www.symposiamorphologica.com/index.php/executive-board

2019 жылы “Еуразиялық морфологтар ұйымы” қоғамдық ұйымын құрды, бірінші жетекшісі және тең құрылтайшысы болып табылады.

Шет тілдерін білуі: ағылшын тілінде еркін сөйлеу. Итальян тілі –базалық.

Отбасылық жағдайы: тұрмыста, екі қызы бар.