Университет қонақтары мұражайда

Университеттің 65 жылдық мерейтойы қарсаңында М. Оспанов атындағы БҚМУ мұражайы қалпына келтіру және қайта құрудан соң келушілерге есігін қайта ашты. Оған алғашқы келушілердің бірі – университеттің 65 жылдығына арналған салтанатты шараға шақырылған құрметті қонақтар болды. Олардың біиі – Күзденбаева Раиса Салмағанбетқызы м.ғ. д., профессор, ҰҒА академигі. ҚР Медицина ғылымдары академиясының және профилактикалық медицина академиясының корреспондент-мүшесі, ҚР фармокологиялық комитетінің төрағасы, формакологтардың жеке мектебінің негізін қалаушы және м. ғ. д., профессор Сағидулла Елемесұлы Имамбаев.

Ерлі – зайыптылар мұражайдың “Тарихта із қалдыр” акциясына қатысып, оның қорын жаңа экспонаттармен толықтырды (жеке кітапхана-автор қол қойған, портреттер, патенттелген препараттар мен диеталық қоспалар, сертификат және т.б.).