Ғылыми жобалар тізімі. 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландырумен ғылыми-техникалық жоба: ЖТН AP19677517 «Қазақстан Республикасының Батыс аймағының балалар тұрғынының элементтік статусы», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылыми комитеті, 08.03.2023 № 220/23-25 – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Ғылыми жобалар тізімі. 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландырумен ғылыми-техникалық жоба: ЖТН AP19677517 «Қазақстан Республикасының Батыс аймағының балалар тұрғынының элементтік статусы», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылыми комитеті, 08.03.2023 № 220/23-25

Тіркеу нөмірі: 0123РК00860, № 13/8-21-2637, 12.09.2023.

Ғылыми жетекшісі: Батырова Гульнара Арыстангалиевна, PhD, зертханалық диагностика кафедрасының жетекшісі

Хирш Индексі 4

Scopus Author ID 57195269858

ORCID iD 0000-0001-7970-4059

Web of Science Researcher ID AAP-5352-2020

Жүзеге асырылу орныбұл ғылыми жоба Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті

Өзектілігі: Елімізде жүзеге асырылып жатқан «Әрбір азаматқа сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» «Салауатты ұлт» ұлттық жобасы аясында балалардың денсаулығын сақтауға және нығайтуға ерекше мән берілуде. Бұл ретте халықты, әсіресе ауылдық елді мекендерде медициналық қызметтермен кеңінен қамту міндетіне үлкен мән берілуде.

Жобаның бағыты – қоршаған орта полютанттарының әсері мен балалардың микронутриенттермен қамтамасыз етілгенінің көрсеткіші ретінде әсіресе, ауылдық елді мекендердегі балалар популяциясының элементтік статусының жағдайын зерттеу.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының Батыс аймағының бала тұрғындарының элементтік статусын зерттеу.

Тәжірибелік маңыздылығы мен жаңалығы: Қазақстанда алғаш рет элементтік статустың физикалық дамуға әсері Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы (ДДСҰ) стандарттарды пайдалана отырып бағаланатын болады. Алғаш рет ауылдық елді мекендердегі балалардың элементтік статусының ерекшеліктері анықталады. Зерттеу барысында алынған мәліметтер Батыс Қазақстандағы балалардың элементтерінің құрамының аймақтық айырмашылықтарын визуализациялау арқылы онлайн-атласта көрсетілетін болады. Онлайн-атласты әзірлеу кезінде енгізілген функционал, оны жүзеге асыратын технологиялардың икемділігі оны қарапайым және көпшілікке қол жетімді етуге мүмкіндік береді. Алынған мәліметтер микро- және макроэлементтердің жетіспеушілігін тағамдық әдіспен толтыру үшін одан әрі түзету шараларын негіздеуге мүмкіндік береді.

 2023 жылғы нәтижелер:

Күнтізбелік жоспарға сәйкес, ғылыми сапарлар кезінде Ақтөбе облысының Мәртөк, Байғанин, Темір, Қарғалы, Ойыл, Қобды, Мұғалжар, Ырғыз, Әйтекеби, Хромтау, Шалқар, Алға аудандарында және Ақтөбе қаласында тұрақты тұратын балалар мен жасөспірімдерден шаштар алынды. Балалардың элементтік статусына бағалау жүргізілді.

Ақтөбе облысының балаларының физикалық дамуын бағалау жүргізілді. Ақтөбе облысының бала тұрғындарының элементтік статусын карталарын әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Онлайн-атластың интерактивті картограммасында Қазақстан Республикасының Батыс аймағының (қазіргі уақытта Ақтөбе облысында) бала тұрғындарының элементтік жағдайы көрсетілген. Қазақстан Республикасының Батыс өңіріндегі Ақтөбе облысының бала тұрғындарының элементтік жағдайының карталары құрастырылды.

Халықаралық конференциялар материалдарының жинақтарында жарияланған тезистер:

  1. Батырова Г.А., Тасқожина Г.Е., Умарова Г.А. Оценка содержания условно-эссенциальных микроэлементов методом масс-спектрометрии у детского населения Западного региона Республики Казахстан // «Клиникалық тәжірибе үшін зертханалық медицинадағы заманауи трендтер» халықаралық қатысуымен ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы. – Астана: «Астана медицина университеті» КЕАҚ, 2023. – Б.23-24
  2. Тасқожина Г.Е., Серікбаева Н.Р. Анализ содержания кальция и фосфора в биосубстратах детей и подростков с применением метода масс-спектрометрии // «Клиникалық тәжірибе үшін зертханалық медицинадағы заманауи трендтер» халықаралық қатысуымен ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы. – Астана: «Астана медицина университеті» КЕАҚ, 2023. – Б.70