«Жалын» пікірсайыс клубы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


«Жалын» пікірсайыс клубы

Клуб президенті: Қыдырқожа Дана

Байланыс телефоны: 87789030526

Мақсаты:

Пікірсайыс үйретеді және қалыптастырады:

  1. Студенттердің сыни тұрғыдан ойлауын, сөйлеу дағдыларын дамытуды
  2. Студенттердің тезистерін және дәлелдерін нақты тұжырымдап, аргумент пен шешу жолдарын ұсынып қана қоймай, қарсылықты жоққа шығарып, қарсыластардың сұрақтарына сенімді жауап беріп, неліктен ол тараптың ойы дұрыс емес екендігін дәлелдеп беруге;
  3. Аудиторияны бақылай отыра, халық назарын аудара білуді;
  4. Дәлелдеменің беріктігін, тиімділігін және дәлдігін;
  5. Тапқырлық пен жылдам ойлау арқылы тұжырымды қарсылықтар айтуды;
  6. Барлық мәселеге сыни көзқараспен қарауды;
  7. Кез-келген қарсыласқа қиындық туғызатын сұрақ қоюды;
  8. Жоғары оқу орындарының студенттерін белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру;
  9. Өскелең ұрпақтың арасында білімге деген жеке ізденістерін дамыту;
  10. Дипломатиялық дауларды шешу қабілетіне тәрбиелеу;
  11. Мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру бойынша жаңа идеялар ойлап табу.

Жетістіктері:

– 2022 жыл, қараша айы. «Алаш Орда» интеллектуалды дебат клубының ұйымдастыруымен Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орай «Ай мен Айша» атты облыстық жас буындарға арналған пікірсайыс турнирі 2-орын, 3-орын, “Үздік спикер” номинациясы;

– Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы” ММ “Қоғамдық келісім” КММ ағымдағы жылдың 1- желтоқсанында “Бір аспан астында” командалық интеллектуалдық ойыны, 3-орын;

– 2022 жыл, желтоқсан. Қ.Жұбанов атындағы АӨУ “Физика-Математика” факультеті, “Ритор” ЗПК ұйымдастыруымен Шерхан Мұртазаның 90-жылдық мерейтойына арналған облыстық пікірсайыс турнирі, 3 орын;

– 2023 жыл, сәуір. Қ.Жұбанов атындағы АӨУ Тарих факультеті. “Алаш Орда ” интеллектуалды дебат клубының Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырған “Ұлы педагогика” атты облыстық пікірсайыс турнир 3-орын;

– 2023 жыл, сәуір, Жәңгір хан университетінің 60 жылдық мерейтойына орай “Zhangir Cup III” атты республикалық пікірсайыс турнирі, 3-орын;

– 2023 жыл, қараша. Қ.Жұбанов атындағы АӨУ Тарих факультеті “Алаш Орда” интеллектуалды дебат клубының ұйымдастыруымен қайырымдылық жасауды дәріптеу мақсатында “Мейірімділік жүректен” атты облыстық пікірсайыс турнирі, 3-орын, “Ең Үздік Спикер” номинациясы, “Интеллектуалды команда ” номинациясы, «Жыл жаңалығы» номинациясы;

– 2023 жыл, желтоқсан. Орал қаласы, Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Университетінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай студенттер мен магистранттар арасында республикалық пікірсайыс турнирі, “Үздік спикер” номинациясы;

– Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күніне орай “Саналы ұрпақ” ұйымының ұйымдастыруымен университетішілік ұйымдар арасында “Адал бол” атты квест-ойыны, “Жалын” ПК -ның “Жалын“командасы Гран-При иеленді.

 «Жалын» пікірсайыс клубы