Академиялық жұмыстар Департаменті университеттің білім беру үдерісін перспективалық, ағымдағы жоспарлауды және үйлестіруді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Департамент қызметінің мақсаты болып университеттің білім беру үдерісін оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуді ұйымдастыру және үйлестіру болып табылады.
Департаменттің негізгі міндеттері:
– білім беру үдерісін жоспарлау, ұйымдастыру және үйлестіру;
– білім беру процесін ұйымдастыру бойынша нормативтік құжаттар мен мамандықтардың МЖМБС талаптарына сәйкес білім беру процесін әдістемелік қамтамасыз ету;
– есеп беретін құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру;
– білім беру үдерісін одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірлей отырып, оның сапасына мониторинг жүргізу;
– университеттің дамуының перспективалық жоспарларына ұсыныстар әзірлеу;білім алушылар контингенті бойынша статистикалық есептілікті жүргізу


Академиялық жұмыстар Департаментінің жетекшісі, PhD
Байланыс ақпараты:
Ақтөбе қаласы
Маресьев көшесі, 68, бас ғимарат, 402 кабинет
Тел. 57-91-90
Эл.пошта: dar@zkmu.edu.kz