«Оспанов құрамасы» КВН командасы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


«Оспанов құрамасы» КВН командасы

Команда капитаны: Азербаев Қанат

Байланыс телефоны: +7 747 264 6008

Мақсаты: университетіміздің қабілетті студенттерінің басын қосып, бос уақыттарын тиімді пайдаланып, өздерін жаңа қырынан танытуға көмектесу.

Жетістіктері: Құрамның құрылғанына 2 жыл уақыттың ішінде белсенді студенттеріміз түрлі қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі сайыстарда өз өнерлерін көрсетіп, атаулы жетістіктерге ие болды. Атап айтатын болсақ:

  • 2022-2023 жылғы Ақтөбе облыстық Жайдарман ойындарында “Жоғары лигаға” жолдама алып, маусым бойына жақсы өнерімен көзге түсті;
  • 2022 жылы Астана қаласында өткен Республикалық Жайдарман ойындарында “Премьер Лигаға” жолдама алды;
  • 2022 жылғы Шымкент қаласында өткен Республикалық Премьер лиганы үздік нәтижемен аяқтады;
  • “Құрайлы Мәдениет үйі” кубогы – 3 орын;
  • 2023 жылы Астана қаласында өткен Республикалық Жайдарман ойындарында “Батыс Номад лигасына” жолдама алды;

 «Оспанов құрамасы» КВН командасы