Y-PEER-Халықаралық еріктілер желісі – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Y-PEER-Халықаралық еріктілер желісі

Координатор: Абилханова Дильназ Нұрбекқызы

Байланыс телефоны: 8 (700)255-38-06

@ypeerkazakhstan

Қысқаша мәлімет:

  • Y – PEER – «теңге тең» тәсілі арқылы салауатты өмір салтын жүргізуді ілгерілететін және жастар мен жасөспірімдерге өз өміріне жауапты шешімдер қабылдауға мүмкіндік беруге бағытталған тең оқытудың халықаралық жастар желісі (Youth Peer Education). Қазақстан бойынша 13 қалада, яғни Ақтөбе қаласында, Батыс Қазақстан медициналық университетінің қабырғасында 2016 жылдан бері қарқынды жұмыс жасап келеміз. Қатарымызда 1-6 курс студенттері ерікті ретінде жұмыс атқарады.
  • 2000-нан астам коммерциялық емес ұйымдар мен мемлекеттік мекемелерден тұратын жаһандық желі; Шығыс Еуропа, Орталық Азия, Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Азия-Тынық мұхиты өңірінің 50-ден астам елінде 33000-нан астам жастар мен жүздеген мың еріктілердің белсенді мүшелігі бар.

Мақсатымыз: Қазақстан жастарының білімді ілгерілетудегі және құқықтарын қорғаудағы көшбасшылығын, оның ішінде тұрақты білім беру арқылы теңдікке дейінгі репродуктивтік құқықтарды қорғаудағы көшбасшылығын дамыту.

Бағдарламаның міндеттері-жасөспірімдер мен жастарды дайындау, СӨС, репродуктивті денсаулықты қорғау, АИТВ/ЖИТС, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) алдын алу,нашақорлықтың алдын алу, гендерлік теңдік, адам құқықтары мәселелері бойынша «Тең-теңімен» әдісі бойыншы волонтерлық жұмысқа баулу.

Жетістіктеріміз:

1) 2023 жылы БҰҰ жанынан құралған UNFPA фонды Y-PEER Kazakhstan желісін 20 жыл тұрақты жұмыс жасап келе жатқан желі деп таныды

2) 2003 жылдан бері UNFPA фондының қолдауымен жылына екі рет ТОТ (тренинг для тренеров), ЖҚМ (Жазғы Көшбасшылар Мектебі) ұйымдастырылып отырады.

3) 2019-Адвокаси (Ақпараттық келісім беру жасын 18 жастан 16 жасқа түсіруге адвокация жасап, «Деңсаулық Кодексі»-не өзгеріс еткіздік

4) 2020-Жыл Еріктілері

5) Ринат Балғабаевтің «Ұят Емес» документалдық фильміне түстік

https://youtu.be/zhP6d63-O8A?si=wY8DXHl4Tob23IG

6) 2021-Aspan chatbot платформасын жүзеге асырдық

https://t.me/aspanchatbot

7) 2023-9890 жасөспірім біздің тренингтер арқылы ақпарат ала алды

Толығырақ біздің инстаграм желісінен біле аласыздар

https://www.instagram.com/ypeerkazakhstan?igsh=MTd3Y3k4cTg0bXc0ZQ==