«Сыр мен сымбат» қыздар клубы – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті

«Сыр мен сымбат» қыздар клубы

«Сыр мен сымбат» қыздар клубы 2008 жылдан бастап университет қабырғасында жұмыс жасай бастады. Бұл клубтың мақсаты – студент арулардың бойында ұлттық мәдениет пен өнер негізінде ізгілік, сұлулық, рухани тәрбиені сіңіру, ұлттық салт-дәстүрге негіздеп инабаттылық пен ибалылыққа тәрбиелеу.

«Сыр мен сымбат» клубының ұйымдастыруымен жыл сайын «Университет аруы» байқауы өткізіліп келеді. Байқауда дене бітімі мен ішкі рухани дүниесі біріккен аруларымыз іріктеліп, соның нәтижесінде студент қыздарымыз халықаралық, республикалық, облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр.

Сонымен қатар, ұлттық-мәдени байлығымызды танып-білуге тәрбиелеу, халқымыздың мәдени-құнды қасиеттерін сіңіру және ізгі қасиеттер арқылы рухани таза адам тәрбиелеу, эстетикалық талғамы жоғары, парасатты тұлға қалыптастыру мақсатында өңірімізге белгілі тұлғалармен кездесулер ұйымдастырылып отырады.