Жалпы медицина факультетінің деканаты – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті


Жалпы медицина факультетінің деканаты

Талғар Сатыбайұлы Абилов – медицина ғылымдарының кандидаты, «Жалпы медицина» факультетінің деканы.

1994 жылы Ақтөбе медицина институтының «Емдеу ісі» факультетіне оқуға түсіп, институтты 2000 жылы бітіргеннен соң «Акушер-гинеколог» мамандығы бойынша интернатурадан өтті. Еңбек жолын 2001 жылы «Микробиология» кафедрасында оқытушы болудан бастады. 2006 жылы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, Медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми атағы берілді, сол жылы кафедра доцентінің міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды. 2003 жылдан бастап кафедрадағы оқытушылық қызметін Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының ректорының көмекшісі қызметімен қатар атқарды.

2008 жылы «Жалпы медицина» факультетінің декан орынбасары, ал 2011 жылдан бастап факультет деканы болып тағайындалды. 2017-2019 жылдар аралығында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры қызметін атқарды. 2019 жылы «Жалпы медицина» факультетінің деканы қызметіне ауыстырылды.

Өзінің біліктілік деңгейін ұдайы жетілдіріп отырады. «Медициналық білім берудегі менеджмент және басқару» (2015ж.) тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курсын, «Денсаулық сақтау менеджменті» (2017ж.) мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті, «Leadership Development Program for State Healthcare Institutions» (2017ж.) бағдарламасы бойынша Назарбаев Университетінде, «Leadership Development and Management Training» бағдарламасы бойынша Duke University School of Medicine, USA (2017ж.) білімін жетілдірді.

«Медициналық білім беру саласындағы сіңірген еңбегі үшін» 2010 жылы ҚР Денсаулық сақтау және Әлеуметтік қорғау Министрлігінің Құрмет грамотасымен және 2015 жылы «ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Кадрлық құрам

Купенова Айгуль Алибековна – гуманитарлық ғылымдар магистрі, декан орынбасары (1 курс студенттеріне жауапты)

Сраж Бекболсын Бекболатұлы – экология ғылымдарының магистрі, декан орынбасары (2,3 курс студенттеріне жауапты)

Айбасова Жулдыз Абдрашитовна – м.ғ.к., доцент, декан орынбасары (4,5 курс студенттеріне жауапты)

Кошкарбаева Жайнагул Талгатовна – маман

Абашева Ботагоз Сембайкызы – филология ғылымдарының магистрі, маман

Құрылу тарихы

1957 жылы КСРО Жоғарғы Білім Министрлігінің шешімімен Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының Емдеу ісі факультеті ашылды. Әр жылдары декан қызметін: А.П. Сорокин (1957-1960), Л. Н. Желваков (1960-1961), М.А. Дуденко (1961-1962), Б.С. Гудимов (1962), М.А. Дуденко (1962-1966), С.Г. Козбагаров (1966-1967), Х.Е. Маманова (1967-1969), Ж.М. Сиджанов (1969-1975), О.Н. Төребаев (1975-1985), М.К. Ізтілеуов (1986-1995), В.Г. Федоренко (1995-1998), Дж.Д. Жұмағазин (1998), Ж.А. Молдашев (1999), К.А.Ахметов (2000-2005), Т.А. Адайбаев (2005-2013) атқарды.

2007 жылы Емдеу ісі факультетінің негізінде Жалпы медицина факультеті ашылды. 2011 жылдың қыркүйек айынан Жалпы медицина факультетінің деканы болып м.ғ.к. Т.С.Абилов тағайындалды. Т.С.Абилов Оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор қызметіне тағайындалуына байланысты 2017-2019 жылдар аралығында факультетті м.ғ.к. С.Б.Рахманов басқарды. 2019 жылдан бастап факультет деканы қызметін м.ғ.к. Т.С. Абилов атқарып келеді.

Факультетке бірінші білім алушыларды қабылдау 1957 жылы басталды (213 студент), одан кейін студенттер саны жылдан-жылға артуда. Қазіргі уақытта факультетте 2502 студент білім алады.

2022-2023 оқу жылынан бастап Педиатрия білім беру бағдарламасы бойынша студенттерді оқуға қайта қабылдау басталды. Қазіргі мезетте Педиатрия мамандығы бойынша 122 студент білім алуда.

Мақсаты

Білім, ғылым және клиниканың үштұғырлығына негізделген, сыни тұрғыдан ойлауға және медицина ғылымы мен практикасы саласындағы алға қойылған міндеттерді шешуге қабілетті кадрлар даярлау.

Қызметі

Факультеттің қызметі факультеттің даму стратегиясын әзірлеу, жұмыс берушілермен және білім беруді басқару органдарымен сыртқы байланыстарды нығайту және дамыту, университеттің құрылымдық бөлімшелерімен және кафедраларымен бірлесіп білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жетілдіру, оқу жұмысының ұйымдастырылуы мен барысын бақылауды жүзеге асыру, емтихан сессияларының нәтижелеріне талдау жүргізу, оқу процесін ұйымдастыруды жақсарту және оқыту сапасын арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Факультет кафедра меңгерушілерімен бірлесіп профессорлық-оқытушылық құрамның кадрларын іріктеуді, факультетте білім беру процесін қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Факультет кеңесінің жұмысын басқарумен, факультет жұмыс жоспарларының орындалуын бақылаумен, оларды университеттің даму жоспарларымен үйлестірумен айналысады. Даярлау процесін ұйымдастырады және білім беру бағдарламаларын аккредиттеуге және аккредиттеуден кейінгі мониторингке белсенді қатысады. Білім алушылардың қосымша құзыреттерін дамыту үшін жазғы мектепті ұйымдастыру бойынша тұрақты жұмысты, курстар мен пәндер/модульдер бөлінісінде мамандық бойынша түлектің құзыреттерін игеруді үздіксіз талдауды жүргізеді.

Жетістіктері

Жалпы медицина факультеті Қазақстанның Батыс аймағының денсаулық сақтау саласына және жалпы отандық денсаулық сақтау саласына жоғары білікті мамандарды дайындайды. Факультет – кең ауқымды оқу, ғылыми, әдістемелік және практикалық жұмыстарды жүргізетін университеттің ең үлкен, беделді құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бүгінгі таңда факультетте Қазақстанның барлық аймақтарынан 2502 студент білім алуда. Оның ішінде мемлекеттік білім гранты бойынша – 977 студент, облыс әкімдерінің гранттары бойынша – 605 студент, келісім-шарт бойынша – 920 студент білім алады. Оқыту мемлекеттік (2064 студент) және орыс (438 студент) тілдерінде жүргізіледі.

Медицина факультеті деканатының құрамына:

♦ №1 Балалар аурулары неонатологиямен кафедрасы

♦ Гистология кафедрасы

♦ Топографиялық анатомия және оперативтік хирургия кафедрасы

♦ №1 Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы

♦ Қалыпты физиология кафедрасы

♦ Патологиялық физиология кафедрасы

♦ Патологиялық анатомия және сот медицина кафедрасы

♦ Оториноларингология, офтальмология кафедрасы

♦ Фармакология кафедрасы

♦ Тілдер кафедрасы

♦ №1 Хирургиялық аурулар кафедрасы

♦ №1 Ішкі аурулар кафедрасы

♦ Балалар хирургиясы кафедрасы

♦ №1 Акушерия және гинекология кафедрасы

♦ Неврология, психиатрия және наркология кафедрасы

♦ Дәлелдеу медицинасы және ғылыми менеджмент кафедрасы

♦ Жедел шұғыл медициналық көмек кафедрасы

♦ Клиникалық зертхана және визуалды диагностика кафедрасы кафедралары кіреді.

Факультет мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес келетін оқу үдерісіне оқытудың жаңа нысандары мен әдістерін әзірлеу және енгізу, оқу үдерісін әдістемелік және ақпараттық-кітапханалық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқаруда. Кафедралардағы оқытушы-профессорлар құрамы ғылыми гранттық жобаларға қатысып, облыстың денсаулық сақтау саласына практикалық көмек көрсетеді.

Жалпы медицина факультеті қолданыстағы, жалпыға танылған рейтингтерде ұсынылған. «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (Медицина)» білім беру бағдарламалары бойынша «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» (АРТА) өткізген Қазақстан Республикасындағы университеттердің институционалдық рейтингінде В086-«Жалпы медицина» білім беру бағдарламасы 1 орынға ие болды.

«Атамекен» ҚР ҰКП ЖОО-ның 2022 жылғы білім беру бағдарламалары рейтингінде В086-«Жалпы медицина» білім беру бағдарламасы 2 орынды иеленді.

Білім алушыларды қолдау мақсатында жеткілікті материалдық-техникалық және әлеуметтік база жасалған. Студенттер үшін келісім-шарт негізінде оқу ақысын өтеудің икемді кестесі енгізілген. Жыл сайын білім алушылар Марат Оспанов, Аққағаз Досжанова атындағы жеке шәкіртақыға және «Дәрігер-волонтер» шәкіртақысына өтініш беріп, конкурсқа қатыса алады. Облыстық, республикалық және халықаралық жарыстардағы, чемпионаттардағы, ойындардағы, олимпиадалардағы және турнирлердегі жүлделер үшін сыйақы белгіленген.

Байланыс:

Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 68

М.Оспанов атындағы БҚМУ, бас ғимарат, 3-этаж, №301, 302, 303, 304 каб.

Байланыс номері: 8(7132)549196

om@zkmu.kz