Модульдік білім беру бағдарламасының мақсаты |
Қызметі аурулардың алдын алуға, өмірі мен денсаулығын қорғауды ұзартуға, тиімділігі дәлелденген заманауи технологияларды пайдалану кезінде мемлекет пен қоғамның бірлесіп ұйымдастырылған күш-жігері есебінен халықтың оңтайлы тыныс-тіршілігінің жай-күйін қамтамасыз етуге бағытталған мамандарды даярлау. |
Берілетін дәреже/біліктілік |
Денсаулық сақтау бакалавры |
Бағдарламаны жасаушылар |
Ермуханова Л.С., Ляхов С.С. |
Қолданысқа енгізілді |
2022 |
Маман лауазымдарының тізбесі |
Қоғамдық денсаулық сақтау маманы, профилактикалық медицина маманы, аудитор, сарапшы, пациенттерді қолдау қызметінің маманы, медициналық статистик |
Кәсіби қызмет саласы |
Қоғамдық денсаулық сақтау |
Кәсіби қызметтің функциялары мен түрлері |
Бакалавриат түлектерінің кәсіби қызметінің объектілері: – денсаулық сақтауды басқару органдары; – медициналық ұйымдар, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтары, әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдары; Кәсіби қызмет түрлері: – әкімшілік-басқару (денсаулық сақтауды басқару органдарының мамандары және денсаулық сақтау ұйымдарының әкімшілік-басқару қызметкері); – аналитикалық (ақпараттық-талдау орталықтарының қызметкерлері); – сараптамалық-кеңестік (денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарындағы сарапшылар, кеңес берушілер). – салауатты өмір салтын қалыптастыру (денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу жөніндегі мамандар). |