Біз өмірді таңдаймыз!
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары мен кураторлары Г.У. Бекешова, Г.М. Ертукешова, Г.С. Жұмалиева, А.А. Дуйсенова, М.М. Книсарина «Жалпы медицина» мамандығының 110 АБ, 116 АБ топтары, «Стоматология» мамандығының 101-102 топтары, «Қоғамдық
денсаулық сақтау» мамандығының 103, 104 топтарының студенттерімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде «Біз өмірді таңдаймыз!» атты тәрбиелік шара ұйымдастырылып өткізілді.
Кафедра оқытушылары мен кураторлары аталған шараны студенттерде суицидалды мінез-құлықтың алдын-алу және емтихан сессиясы кезіндегі стресске төтеп бере алушылық қасиеттерін жоғарылату мақсатында жоспарланды.
Тәрбиелік шара адам үшін ең жоғары, бағасы жетпес құндылықтарының бірі – Өмірді қадірлеуге және бағалауға деген саналы қатынасын қалыптастыруға бағытталған. Студенттердің презентациялары, лирикалық туындылары, интерактивті сұхбаттасуда пікір алмасу – бұның барлығы білім алушылардың тек өз өміріне ғана емес, жақын жандардың да өмірлеріне жауапкершілікті сезіне білу керектігін ұғындыруға әсерін тигізді.
Шақырылған қонақтар шараға қатысушылардың жоғары деңгейде ұйымдастыра алушылық қабілетімен, белсенділігімен және дарындылығымен ерекшеленгендерін атап өтті. Барлық белсенді студенттерге университетіміздің Басқарма Төрағасы – Ректор, м.ғ.д. М.К. Телеуов атынан Алғыс хаттармен марапатталды.