Зертеу жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында Scopus және ScienceDirect базаларын қолдану
Марат Оспанов атындағы мемлекеттік медицина университетінде «Зертеу жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында Scopus және Science Direct базаларын қолдану» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар мақсаты – ғылыми-зерттеу қызметін ақпараттық қамтамасыз ету саласындағы жариялылық белсенділігін арттыру және білімдерін кеңейту. Оқу семинары «Elsiever» компаниясымен ұйымдастырылып, Қазақстандағы тренинг өкілі Керимбеков Токтар Сенбекулымен өткізілді. Семинарға университеттің профессорлық оқытушылар құрамы және магистранттар мен докторанттар қатарынан 22 адам белсенді қатысты.
«Scopus» және «ScienceDirect» базаларын ғылыми мақалаларды дайындауда және оны жариялау мақсатында журналды таңдауда мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылды. Сонымен қатар «Elsiever» компаниясы, библиографиялық көмекші – мақалаларды ұйымдастыруға, басқа ғалымдардың зерттеу жұмыстарын сақтауға және қарауға мүмкіндік беретін «Mendeley» бағдарламасын ұсынды.
Презентациямен баяндама үлкен қызығушылық тудырды. Семинарға қатысушылар сұрақтар қойып, халықаралық мәліметтер базасын қолданудың практикалық дағдыларын қалыптастырды. Семинарды қорытындылай келе, қатысушылар баяндаманың қызықты тақырыбын және презентацияның сапасын бағалады, жас ғалымдар үшін халықаралық мәліметтер базасында жариялаудың маңыздылығын атап өтіп, сонымен қатар олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын сәтті жалғастыру үшін практикалық дағдыларға ие болды.
Оқу семинарында алған білімдерін растау мақсатында «Elsiever» компаниясы қатысушыларға сертификат ұсынды.