Эразмус+ бағдарламасы аясында жобалық ұсыныстар әзірлеу
Марат Оспанов атындағы БҚМУ-де жоғары білімдегі әлеуетті арттыруға бағытталған Эразмус+ «Call for proposal Capacity Building in the field of higher education 2020(Call EAC/A02/2019)» бағдарламасы бойынша жобалық ұсыныстар дайындалуда.
Жобалық ұсыныстарды әзірлеуді Химиялық технология және металлургия университетінің профессоры Андриана Сурлева үйлестіреді. Жобалық топтар Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің халықаралық жобалар бөлімінде жобалық ұсыныстарды әзірлеуге белсенді қатысады.
Әзірленіп жатқан жобалар Қазақстан мен Қырғызстандағы отбасылық медицина саласындағы оқыту бағдарламасын күшейтуге, сондай-ақ Қазақстан, Армения және Тәжікстанның жоғары оқу орындарында зерттеу әлеуетін арттыруға бағытталған.
Жобалық топ мүшелеріне жұмыстарына сәттілік және барлық серіктестерімізге жемісті ынтымақтастық тілейміз!