Шаңғышылар дайындығы
2020 жылдың қаңтар айында облыстық БЖСМ шаңғы трассасында қысқы спорт түрлерінен «Кирпичный» тұрғын жай ауданында орналасқан дене тәрбиесі кафедрасының әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы Е. В. Дема дене тәрбиесі кафедрасының оқытушыларымен шаңғы дайындығы бойынша әдістемелік сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқытушылар құрал-саймандарды таңдау және қиыстыру, жарыс ережелері, төрешілік, жаттығуларды орындау техникасы, шаңғы дайындығы бойынша бақылау-өлшеу құралдары бойынша теориялық ақпарат алды.
Сабақтың практикалық бөлімінде Елена Владимировна оқытушыларға негізгі классикалық жүрістерді оқытудың техникасы мен әдістемесін түсіндірді, көтеру, түсіру, бұрылу және тежеу тәсілдері қолданылатын әдістер мен тәсілдер жан-жақты талқыланды.
Сабақ оқу шеңбері бойынша 3 км қашықтықты өтумен аяқталды.