БҚМУ оқытушылары академиялық ұтқырлықпен Познань медицина ғылымдары университетінде

1В.3 «Серіктес университет PUMP оқытушыларымен академиялық ұтқырлық бағдарламасын даярлау» тарауы бойынша М.Оспанов атындағы БҚМУ оқытушылары К.Марцинковский атындағы Познань медициналық ғылымдар университетінің базасында: әкімшілік қызметкерлерді оқыту, гистология, лабораториялық диагностика, патоморфология, патофизиология, клиникалық генетика, онкология, пульмонология, жедел медицина бағыттары бойынша тренингтен өтті.

ПОҚ Познань медициналық ғылымдар университетінде пәндерді оқыту ерекшеліктерімен танысты. Сабақтар онкологиялық аурухана базасында, симуляциялық орталықта, университеттің аппараттық орталығында, гистология, клиникалық иммунология, молекулярлы биология, медициналық генетика кафедраларында өтті.

Оқытушыларға қазіргі заманғы гистология, фундаментальды ғылымдарды оқыту тиімділігі, неопластикалық гемопоэтикалық бұзылыстардың патоморфологиясы т.б. тақырыптарда дәрістер оқылды және университеттің аппараттық орталығы, гистология, патоморфология, биохимиялық және лабораториялық медицина лабораторияларына барды.

Тренинг барысында алынған тәжірибе денсаулық сақтау саласында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда аталған пәндердің оқу процесін жетілдіруге мүмкіндік береді.