Зертханалық диагностика бойынша тренинг

Марат Оспанов атындағы БҚМУ-нің онкология кафедрасында “Лабораториялық диагностика” тақырыбы бойынша университет оқытушыларының: Р.А. Арингазина, В.И. Кононец, А.К. Жылқыбекова, А.Б. Жарылғапов-дың ұйымдастыруымен тренинг өткізілді.

Оқу бағдарламаны жетілдіру мақсатында университеттің стратегиялық серіктесі Познань (Польша) медицина университетінде 2019 жылыдң желтоқсан айында “Онкология: онкологиялық лабораториялық диагностика” бағдарламасы бойынша білім бағдарламасы деңгейіне кейбір толықтырулар мен өзгертулер енгізу жөнінде оқытушылардың алғашқы топтары тренингтер мен дәрістергеқатысты.

Ұсынылған тренинг: “Анемияның лабораториялық диагностикасының заманауи аспектілері”, “анемиялық синдромның патофизилогиясы мен биохимиясы” сұрақтарын қамтитын дәріс – презентация, ситуациялық есептер мен тест бақылау тапсырмаларын шешу материалдары ұсынылды.

Сонымен қатар, анемияның түрлерін, оның жасырын түрлерін диагностикалау сұрақтарына ерекше көңіл бөлінді.