Ресей мен Қазақстанның қазіргі кезеңдегі дене тәрбиесі туралы

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің “Дене тәрбиесі” кафедрасының оқытушыларымен Қ. Жұбанова атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің “Дене шынықтыру және спорт” кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы бірлесе отырып, “Ресей мен Қазақстанның қазіргі кезеңдегі дене тәрбиесіндегі ғылыми зерттеулердің заманауи аспектілері” тақырыбында бірлескен ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.
Семинар п. ғ. д., профессор Т. А. Ботагариевтің жетекшілігімен өтті.

Семинар барысында ғылыми бағыттар мен ғылыми зерттеулердің салыстырмалы талдауы талқыланды.

Толеген Амиржанович соңғы он жылдықта ҚР өңірлерінде дене шынықтыру мамандығы бойынша қорғалғандардың пайызы айтарлықтай өскенін атап өтті.

Ол диссертацияның жазылу бағытын, диссертация тақырыптарының таңдауын, олардың өзектілігін, жас оқытушыларды өз деңгейін арттыруға, PhD докторы дәрежесін алуға, ғылыми зерттеулермен айналысуға шақырды.