Клиникалық зерттеулердегі алғашқы қадамдар
Бағдарлама аясында келген визитинг- профессор Б.А Бакиров (Башкир мемлекеттік медицина университеті, Ресей) университеттің профессор-оқытушылар құрамына «Клиникалық зерттеуді қалай ұйымдастыру керек» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
Мастер-класс тақырыбы қызметкерлердің қызығушылығын тудырды. Презентация клиникалық зерттеуге қатысудың жеке тәжірибесіне негізделген.
Болат Ахатұлы бұл саламен 2005 жылдан бастап айналысады, оның мүдделері – гематология және онкология.Профессор клиникалық зерттеулерді өткізудің кезеңдері туралы толық ақпаратпен бөлісе отырып, М.Оспанов атындағы БҚМУ профессорлық-оқытушылық құрамының ұтқырлық мүмкіндігі туралы, ынтымақтастыққа және осы мәселе бойынша тәжірибе алмасуға дайын екендігін білдірді.