Академиялық ұтқырлық шеңберіндегі достық байланыстар

М.Оспанов атындағы БҚМУ профессорлық-оқытушылық құрамының академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында № 2 жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасында С.Д. Асфендияров атындағы ҚеАҚ Қазақ ұлттық медициналық университеті №1 жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасының ассистенті Молдажарова Нисвела Ержанқызы 6-7 курс интерндерімен «БЖАИЖ бойынша жөтел және тыныс алудың қиындауы» тақырыбында жұмыс атқаруда.

Интерндер үшін тақырып бойынша презентация, бастапқы және қорытынды тестілеу, бейнематериалдар ұсынылды. Жалпы қауіпті белгілерге, белгілердің жіктелуіне және емдеу әдістеріне талдау жасалды.

Оқу материалын жақсы түсіну үшін клиникалық жағдайлар, пациенттерді қарау туралы мәліметтер келтірілген және пациенттердің стандартталған әдістемесі қолданылады. Интерндер қызығушылық танытып, жұмысқа белсенді қатысуда.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы жоғары оқу орындары кафедраларының арасындағы ынтымақтастықты жақсартуға, педагогикалық шеберлік пен мамандарды даярлау деңгейін арттыруға көмектеседі.