Белбеу күресінен 23 жасқа дейінгі республикалық чемпионаты

Алматы облысының Талдықорған қаласында 2020 жылдың 14-16 ақпан аралығында белбеу күресінен ҚР 23 жасқа дейінгі чемпионаты өтті.
Жарысқа 130-дан аса спортшылар қатысты. Ақтөбе облысынан 11 спортшы бөз кілемде бақтырын сынады. Соның ішінде М.Оспанов атындағы БҚМУ-нің қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің 102 топ студенті Нығметова Ақсауле Бақытжанқызы 52 келі салмақ дәрежесінде бағын сынады.

Бірінші кездесуін Түрікстан облысының спортшысымен кездесіп 2:0 есебімен жеңіске жетті.

2 – ші кездесуінде Алматы облысының және үшінші кездесуде Жамбыл облысынның палуандарымен кездесіп , таза жеңіске жетті. Ақтық кездесуде жергілікті спортшымен бақ сынасып, сәл ғана ұпай санымен жеңіліс тапты. Осы жарыста Ақсауле ҚР-ның күміс жүлдегері атанып, спорт шеберіне үміткер атағының нормативін орындады.

“Сұңқар” спорт клубы және дене тәрбиесі кафедрасы спортшымызды жеңісімен құттықтайды.