Қазақстан мен Индия мәдениет диалогы
Жастар ісі жөніндегі бөлімінің маманы А.М. Наурзбаева деканның орынбасары Т.Ж. Сүндетов, әлеуметтік психологиялық қолдау бөлімінің басшысы А.Ж. Сейталиева,социолог О.М. Цесько қатысуымен “Үнді және қазақ мәдениеті диалогы” тақырыбында диалогтық алаң ұйымдастырды.
Іс-шараға Халықаралық медицина факультетінің студенттері мен жалпы медицина факультетінің студенттері қатысып, “Қазақ халқы мен үнді халқының менталитетіндегі ерекшеліктер”, “қазақ халқы мен үнді халқының ұлттық костюмдерін ұсыну”, “күйеу мен қалыңдықты таңдаудың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, қазақ халқы мен үнді халқының үйлену тойларын өткізу”, “бала туылу, қазақ халқы мен үнді халықтарының есім қоюға байланысты дәстүрлері “сияқты тақырыптар көтелірді.
Диалог алаңы ағылшын тілінде өтті.
Осы іс-шараның негізгі мақсаты: қазақ және шетел студенттерінің бірігуі, шетел студенттерінің бастамаларын қолдау және дамыту ,шетел студенттерін қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениетімен, ал қазақ студенттерін үнді мәдениетімен таныстыру.
Және ол Жалпы медицина факультетінің студенттері ағылшын тілін жақсы меңгеруге мүмкіндік берді. Шетел және қазақ студенттері тақырыптарды дайындауда өздерін белсенді көрсете білді және бірлесіп ынтымақтастықты жоспарлады.
Іс-шара соңында белсенді қатысқан студенттерге сертификаттар табысталды.