Ерлікке тағзым

«Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің мұражайы» және Химия кафедрасы бірлесе ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 19 ақпан күні университетіміздің мұражайында Ұлы Жеңістің 75 жылдығын орай «Қазақ КСР дәрігерлерінің Ұлы Отан соғысындағы рөлі» тақырыбындағы іс-шара өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – медицина қызметкерлерінің, ғалымдар мен денсаулық сақтау саласының танымал тұлғаларының Екінші дүниежүзілік соғысында қосқан үлесі мен еңбегін бүгінгі ұрпаққа кеңінен таныстыру. Осы орайда оқу ордамызда бірнеше жыл еңбек еткен ҰОС ардагерлері де таныстырылды.

Соның ішінде ҰОС штрафбаттағы айып батальонында ерен ерлік көрсеткен Халида Есенқұлқызы Маманованы айрықша атап өтуге болады.

Осы кешке арнайы шақырылған Х.Е Маманованың ұрпақтары мен қатысушыларға кеш барысында оқу ордамыздың Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің өмірі мен қайраткерлігі, медицина саласындағы қосқан үлесі туралы баяндамалар тыңдалып, бейнеролик көрсетіліп, мақалалар оқылды және Әскери кафедрасының қолдауымен шағын экскурсия ұйымдастырылды.

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» «Рухани қазына» кіші бағдарламасы шеңберінде өткізілген шараның мақсаты Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іргерлету және Батыс Қазақстан өңірі бойынша «Қазақ КСР дәрігерлерінің Ұлы Отан соғысындағы рөлі» атты майдан даласында жаралы жауынгерлерге жан аянбай еңбек еткен дәрігерлердің еңбегін болашақ ұрпаққа таныту болатын.