«Қазақ халқы – Абайдың халқы»

Ақтөбе медицина орталығының балалар ауруханасына орналасқан, Балалар хирургиясы кафедрасында Кафедра жетекшісі Түсіпқалиев А.Б., профессор, м.ғ.д Дженалаев Б.Қ., профессор, м.ғ.к. Досмағамбетов С.П., доцент, м.ғ.к. Баубеков Ж.Т., кафедра ассистенттері Кенжалина Р.Ә., Сатыбалдиев К.Ж. қатысуымен 767-768 интерн-педиатрлар ұйымдастырумен Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арнап «Қазақ халқы – Абайдың халқы» атты әдеби-танымдық шара өткізілді.

Шараның құрметті қонағы ретінде философия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының әлеуметтік ғылымдарының академигі, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері Тайжанов Алтай Тайжанұлы шақырылды.

Кеште Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы жайында деректермен дайындалған презентация қорғалды. Презентациядан соң кері байланыс ретінде викториналық ойындар ойнатылды. Абай шығармашылығынан алынған көркем сөздер 7 тілде қазақ, орыс, ағылшын, түрік ,өзбек, француз, испан тілдерінде мәнерлеп оқылды.

Интерндер қатысуымен «Желсіз түнде жарық ай» әні хормен айтылды. Одан соң хәкім Абайдың қара сөздері мәнерлеп оқылып, естелік ретінде дәрігерлерге табысталды.

Мерекелік шара соңы алдын-ала түсірілген дәрігерлердің Абай өлеңдерін жатқа оқуының бейнетаспамен аяқталып, эстафета барлық Қазақстан дәрігерлеріне жолданды.