Халқымыздың рухани асыл қазыналары

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, куратор Жұмалиева Г.С. стоматология мамандығының 1 курс 101, 102 топ студенттерімен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өлкетану» бағыты бойынша жоспарланған Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейіне саяхат жүзеге асырылды.
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, өлкеміздің өткені мен бүгінін жалғап отырған облысымыздағы ғылыми зерттеу, мәдени-ағарту, насихаттау жөніндегі ірі мәдени ошақтың бірі.

Бүгінге дейін жинақталған музей қорында 100 мыңға жуық экспонат есепке алынған. Олар – минерология, палеонтология, ботаника, археология, тұрмыс пен этнография, қол өнері мен зергерлік бұйымдар, космонавтика, нумизматика, сирек кітаптар, деректі құжаттар, фотоматериалдар коллекциялары. Зергерлік өнердің өлкемізге ғана тән қайталанбас өзіндік ерекешеліктері бар туындылары тамашаланды.

Бұл шараның негізгі мақсаты – біздің жастардың тарихи сана-сезімін қалыптастыру, адамгершілікке, азаматтықа, отансүйгішітікке тәрбиелеу секілді ортақ міндеттер біріктіреді.