Тұлға туралы лекция

Қоғамдық – гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.м. Г.У. Бекешова мен оқытушы, г.ғ.м. Ж.Е. Айтжанова «Психология» пәні бойынша «Тұлға психологиясы және оның адам туралы ғылымдар жүйесіндегі рөлі» тақырыбында «Жалпы медицина» мамандығының 1 курс 4 ағым (113 АБ-115 АБ) студенттеріне интеграцияланған дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты – білім алушыларда тұлға ұғымы мен қасиеттерінің сипаттамасы, оның әлеуметтенуі, тұлғаның психологиялық құрылымы және адам туралы ғылымдар жүйесіндегі рөлі туралы ой-пікір қалыптастыру.

Дәріс ерекшелігі әлеуметтік – саяси білімдер модуліне енген «Психология» және «Әлеуметтану» пәндерінің ұштасуы негізінде тақырыпты бірлесе отырып екі қырынан ашып көрсету болды.

Дәріс сабағына ҮКДО п.ғ.к., доцент М.А. Башбаева және кафедра жетекшісі мен оқытушылар қатысты. Дәріске қатысушылардың пікірінше, тақырыптың сұрақтары толығымен қарастырылып, дәріс сабағы өз мақсатына жетті.