Кафедра күні
“Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау” кафедрасының қызметкерлері “Қоғамдық денсаулық сақтау” және “Мейіргер ісі” факультетінің студенттері арасында “Кафедра күні” өтті.
Доцент Қалдыбаев Кеулімжай Қадырұлы кафедраның тарихы мен жетістіктері жайлы сөз қозғады. Студенттер алдында «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша магистратураны бітірген оқытушылар Г. С. Куспангалиева., М. К. Таушанова., М. Б. Курганбекова., докторант П. Ж. Айтмағанбет сөз сөйледі.
Кафедра оқытушысы К. Н.Киматова Англияда “Болашақ” бағдарламасы бойынша магистратураны бітіріп, туған кафедраға педагогикалық және ғылыми қызметін жалғастыруға оралды және «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша докторантураға түсті. Ол Лондондағы оқу процесі жайлы сөз қозғап, студенттерді ғылымды меңгеруге және Отан игілігі үшін жұмыс жасауға шақырды.
“Қоғамдық денсаулық сақтау “және” Жалпы медицина” факультетінің студенттері арасында сұрақ-жауап сайысы өткізілді, халық билері орындалды, қазақ және ағылшын тілдерінде ән шырқалды, өлеңдер оқылды.
Бегендиков Нұрлан, Ибрагимова Камилла, Қоңыров Ибрагим, Кульниязова Аида, Амангалиева Самал, Қыдырбаева Арай, Болатбекова Раушан, Bali (Үндістан)студенттері іс-шараға қатысты.