Автономия моделі талқыланды
Марат Оспанов атындағы БҚМУ-да “TRUNAK/Қазақстандағы университеттік автономияға көшу” жоғары білім беру потенциалын арттыру Эразмус жобасының жұмыс тобы мүшелерінің отырысы өтті.
Оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, Басқарма мүшесі Э.К. Исмагулова және жобаны үйлестіруші стратегиялық серіктестік Кеңсесінің Басшысы С.К. Бермағамбетова бастаған жобаға қатысушылар университет автономиясының академиялық, ұйымдастырушылық, кадрлық және қаржылық моделін талқылады.
Талқылау барысында БҚМУ жобасының жұмыс тобының мүшелері төрт бағыт бойынша университеттердің университеттік автономиясына көшу бойынша ұсыныстар дайындады.