Жасампаз адамдардың жеті дағдысы
Осындай тақырыпта тренинг Марат Оспанов атындағы БҚМУ-де өтті.
Тренинг барысында қазіргі уақытта Мемлекет басшысының “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру”бағдарламасына сәйкес шығарылған арнайы жобалар бар. Ең маңыздысы- ” Жаңа гуманитарлық бағыт. 100 жаңа оқулық”.
Осы жоба аясында Марат Оспанов атындағы БҚМУ Жастар ісі жөніндегі бөлімінің маманы Жаленова Ақжүніс Мейірханқызы студенттер арасында “жасампаз адамдардың жеті дағдысы” атты тренинг ұйымдастырды.
Оның негізгі мақсаты студенттердің өз мақсаттары мен басымдықтарын жүйелі түрде түсінуі, көшбасшылық әлеуетті қалай дамыту керектігін анықтау болып табылады.
Тренингті “Рухани жаңғыру” бағдарламасын басқару орталығының тәрбие және білім беру жобалары бөлімінің басшысы Маханова Айман Ғалымқызы өткізді. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, өмірде түрлі қиындықтарды жеңу, кедергілерді жеңу, алға ұмтылу, өмірге жаңа көзқарас, білім мен жаңалықтарға жол таба білді, сондай-ақ түрлі қиын жағдайлардан шығу жолдары айтылды.
Қатысушыларға арнайы сертификаттар берілді.