Бинарлық дәріс
Жаратылыстану-ғылыми пәндер каферасының аға оқытушысы А.Т. Сатыбаева және гистология кафедрасының жетекшісі, м.ғ.к. Ж.Е. Комекбай 2020 жылы ақпанның 27 –сінде «Жасушалық цикл және оның реттелуінің молекулалық механизмдері» тақырыбы бойынша «Молекулалық биология және медициналық генетика» пәнінен жалпы медицина факультетінің 1 ағым (101-104 топтары) студентеріне интегралды дәріс өткізді.
Дәрістің өткізу мақсаты – білім алушыларда жасушалық цикл туралы түсініктемелерін қалыптастыру.
Ағзадағы қалыпты жағдайдағы және онкогенездегі осы үдерістің клиникалық маңыздылығына көңіл аударылды. Митоз сатыларының гистологиялық препараттары көрсетілді.
Дәрістің ерекшелігі медициналық білімдерінің негізі болатын «Молекулалық биология» және «Гистология» ғылымдар арасындағы байланыстарды көрсете отырып, тақырыпты толық меңгеру. Тақырыпты бекіту үшін уақытымен кері байланыс жүргізіліп отырды. ҮКДО эксперті, п.ғ.к., доцент М.А.Башбаева, кафедра жетекшісі және оқытушылары дәріске оң баға берді.