РBL әдісі бойынша «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасындағы ашық сабақ
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина Университеті «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Б.А. Молдин Жалпы медицина факультетінің 116-117-118 А, Б топтарында «Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәнінен оқу үрдісіндегі PВL (проблемалық бағдарланған) әдісімен «Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты ретінде» тақырыбында ашық дәріс өткізілді.
Медицина Университетіне тиімді оқытудың жаңа әдістерінің бірі ретінде PВL әдісінің енгеніне көп бола қойған жоқ, дегенмен «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасында «Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәндерін оқытуда бұл әдісті кеңінен қолданып келеді.
Б.А. Молдин дәріс өткізу барысында топқа дәріс жоспарымен қатар тақырып бойынша нақты мәселелерді қойып тақырыптың негізгі сұрақтарымен қатар сабақ барысында осы сұрақтар талқыланды. Дәріс барысында түрлі әдістермен жүргізілді, сабақ барысында ауызша жауаптар, сұрақ-жауап, саяси портреттермен жұмыстар беріліп сдәрістің барлық сұрақтары қамтылды.
Ашық сабаққа қатысқандар «Үздіксіз дамыту депертаменттің» әдіскері З.Ж.Танбетова, «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасының жетекшісі Ж.Т. Төлепбергени, аға оқытушылар Г.С. Жұмалиева, Г.У. Бикешова, М.М. Кнесарина, М.Е. Ергалиев қатысып сабақты жоғарғы оқу орындарының талаптарына сай жақсы өтті деп бағалады.