ZOOM платформасында бинарлы дәріс

Zoom бағдарламасы қашықтықтан оқыту платформасы негізінде интегральды Медициналық биофизика Жалпы гистология пәндерінен екеулеп оқыту әдісі бойынша дәріс өтті.

Дәріскерлер жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасының доцент м.а. Турганбаева А.У. «Қанның реологиялық қасиеттері» және жалпы гистология кафедрасының доценті м.ғ.к. Темирова Г.А. «Қанның гистологиясы» тақырыбында өткен дәріс студенттерге пәнге деген қызығушылығын арттырып, кері байланыс арқылы көптеген сұрақтарға жауап алу мүмкіндігі туды.

Студенттер ерекше өткен дәріске ризашылықтарын білдірді.