Үштілді пәндік онлайн олимпиада

Студенттердің Google Disk бұлттық технологиялармен жұмыс жасау дағдысын шыңдау, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, пән бойынша алған білімдерін бекіту мақсатында жаратылыстану ғылыми пәндері кафедрасында 18 – 22 сәуір аралығында үштілді пәндік онлайн олимпиада өтті.

Үштілді онлайн олимпиадаға медициналық биофизика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, биостатистика пәндері бойынша 1-3 курс аралығында 135 студент онлайн тіркелу жасады.

Қатысушылар олимпиада тапсырмаларын Google Disk бұлттық технологиясы көмегімен орындап, оқытушыларға өздерінің Google аккаунттары қолжетімді болу үшін рұқсат (доступ) беріп, Zoom платформасында онлайн режимде қатысты.


Олимпиада барысында қатысушылар пәндік білімдерін, бұлттық технологиялармен жұмыс жасау дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті. Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау Zoom жүйесінде ұйымдастырылды.
