«АРТ-ТЕХНОЛОГИЯ ӘСЕР ЕТУ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ САЛАСЫНА» онлайн мастер-классы

16.05.2020 ж. Марат Оспанов атындағы БҚМУ қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары PhD М.М.Книсарина және педагогика ғылымдарының магистрі А.А.Дүйсенова Zoom платформасында онлайн режимінде “Арт-технология білім алушылардың эмоционалдық аясына әсер ету тәсілі ретінде” атты халықаралық қатысыммен мастер-класс ұйымдастырылып, өткізілді.

Спикерлер ретінде профессор М.А.Бонч-Бруевич атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік телекоммуникация университетінің шетел және орыс тілдері кафедрасының доценті, пед.ғ.к. Светлана Павловна Тенеряднова «Психология творчества: вкус к слову» баяндамасымен; Сандигуль Базаркуловна Байдуашова, педагогика ғылымдарының магистрі, тәжірибелі психолог, трансформациялық ойындар бойынша қосалқы автор “Қағазда эмоцияны салу” баяндамасымен шақырылды. Спикерлердің сөз сөйлеуінің негізгі идеясы сурет немесе мәтінге эмоционалдық толымдылығы мен мағыналылығын беретін метафораның ерекшеліктерін ашу болды.

Мастер-класты өткізудің мақсаты – психологиялық-педагогикалық тәжірибе алмасу, білім алушы тұлғасының шығармашылық әлеуетін ашатын инновациялық арт-технологияның әдістері мен тәсілдерін көрсету. М.М.Книсарина мен А.А.Дүйсенова Марат Оспанов атандығы БҚМУ-да психологиялық-педагогикалық пәндер бойынша сабақтарда қолданылатын арт-технология элементтерімен тыңдаушыларды таныстырды. Іс-шараға ҚР (Ақтөбе қ., Хромтау қ., Жаңаөзен қ., Павлодар қ., Петропавл қ., Шымкент қ., Қызылорда қ., Алматы қ.) және РФ (Санкт-Петербург қ.) әртүрлі қалаларынан 44 тыңдаушы қатысты.

Тыңдаушылар білім беру үдерісінде арт-терапевтік әдістерді қолдану ерекшеліктері туралы көптеген пайдалы ақпаратты біліп қана қоймай, сонымен қатар изотехниканы да сынап көрді.