Ғалымдардың ғылыми метрикалық көрсеткіштері

Жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетпен бірлесе отырып, Webex платформаcында «Ғалымдардың ғылыми метрикалық көрсеткіштері» тақырыпта шебер-класс өткізіліп, профессор-оқытушылар құрамынан тыңдаушылар байланысқа шықты.

Шебер-класс мақсаты: ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялауда қолданылатын негізгі ғылыми метрикалық көрсеткіштерді қарастыру және ғалымдармен ой бөлісіп, өзара тәжірибе алмасу.

Шебер-класты Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің жетекшісі, PhD Жантурина Нургул Нигметовна өткізді. Тақырып негізінде ғылыми деректер беріліп, Scopus мәліметтер қорында автор ID іздеу?, Publons-пен қалай жұмыс жасауға болады және ол үшін не қажет? т.с.с. сауалдарға жауаптар алынды.

Шебер-класс тыңдаушылары тарапынан ақпараттың өзекті,тәжірибеде осы бағытта зерттеу жұмыстары маңызды екендігі айтылып, шығармашылық табыстар тілеп, ризашылықтарын білдірді.