«САЯСАТ ПЕН ТАҒДЫР»
Марат Оспанов атындағы БҚМУ-ң «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасы жоспарға сәйкес, 31 мамыр – «Саяси қуғын-сүргін құрбандары және аштық жылдары зардап шеккендерді» еске алуға арналған «Саясат пен тағдыр» атты тәрбие сағатын өткізді.
Шараны кафедраның аға оқытушылары Б.А. Молдин, Г.С. Жұмалиева кураторлық топтары «Жалпы медицина» 102 АБ, «Стоматология» 101,102 топтарымен бірігіп ұйымдастырды. Осы тақырыпта Абызова Л, Довлетова А, Қабдолмажит А мазмұнды баяндама жасап, кейбір тың деректермен ой бөлісті.
Тәрбие сағатының негізгі мақсаты ата-бабамыздың өткен тарихын жан-жақты түсіндіру, кеңестік идеологияның ықпалымен бұрмаланған деректерге обекьтивті баға беру, болашақта осындай зұлмат жылдарды болдармау үшін өткенімізден сабақ алуға шақыру, ұлттық санамызда әліде жаңғырмай жатқаны, кешегі саясаттың ұлт тағдарына қаншалықты соққы бергенін студенттермен бірге зерделеп және талдау жасау.
Ұйымдастырылған тәрбие сағат барасында қазақ халқының басынан өткен қуғын-сүргін жылдары сонау «патша» билік еткен заманда басталып, кешегі кеңестік заманда жалғасқаны, ол шамамен ғасырдан астам уақыт жүргізілгендігі айтылды. Қиын тағдырға тап болған халқының мүддесін қорғаудағы қазақ зиялыларының еңбектері мен ролі баяндалды. Кафедра жетекшісі Ж.Т.Төлепбергени және аға оқытушылар Б.И.Шәмші, Г.У. Бекешова, А.К. Мухамбетгалиева маман ретінде тақырыпқа талдау жасап, тәрбие сағатының маңызын атап өтті.
Түйін қазақ халқының көрген рухани жан азабын, сталинизімнің ұлттың тағдырына жасаған соққысын, тарихтағы өшпес із болып қалған белгі «Саяси қуғын-сүргін құрбандары және аштық жылдары зардап шеккендерді» кейінгі ұрпақ білуі парыз. Тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтар туралы көбірек біліп, тәуелсіздік деген құндылықты бағалай білу керек. 31- мамыр әр қазақ отбасы үшін «ұлы азалы күн» болуға тиісті деген пікірде тарасты.