«Гистолог» СҒҮ –нің кезекті отырысы Zoom бағдарламасы аркылы өткізілді

Марат Оспанов атындағы БҚМУ гистология кафедрасының СҒЗЖ бекітілген жоспарына сәйкес «Гистолог» СҒҮ –нің кезекті отырысы Zoom бағдарламасы аркылы өткізілді.

«Гистолог» СҒҮ –нің кезекті отырысының мақсаты үйірме студенттерінің жоспарға сәйкес дайындаған баяндамаларын тыңдап, талқылау. Гистология кафедрасының ғылыми – зерттеу бағытындағы «Морфологиялық лабораториясындағы» замануи жарық микроскоптары мен студенттер тақырыптары бойынша жасаған миркопрепараттарын сипаттау. «Гистолог» СҒҮ –нің кезекті отырысына гистология кафедрасының жетекшісі, м.ғ.к. Ж.Е.Көмекбай, профессорлық – оқытшылық құрамы, үйірме белсенділері және «Жалпы медицина» факультетінің 1,2 курс студенттері қатысты. Отырыста 3 баяндама баяндалды.

1 – ші баяндама тақырыбы: «Ішектің шырышты қабығының лимфоидты түйіндеріне дисбактериоздың әсері». Баяндаушы: «Жалпы медицина» факультетінің 217Б тобының студенті Махамбеталиев Абай. Ғылыми жетекшісі: ҚР МҒА академигі, м.ғ.д., Т.Ж.Умбетов,

 2-ші баяндама тақырыбы: «Өкпенің ауаөткізгіш жолдары (әдеби шолу)».

Баяндаушы: «Жалпы медицина» факультетінің 213А тобының студенттері Жарылғас Гаухар, Қанат Гүлнұр. Ғылыми жетекшісі: оқытушы, м.ғ.м. А.Е.Ахаева.

3 –ші баяндама тақырыбы: ««Микроскоп және оның шығу тарихы. Микроскоптың түрлері» (әдебиет шолу)». Баяндаушы: Жалпы медицина» факультетінің 104Б тобының студенті Тәңірбергенқызы Әдемі. Ғылыми жетекшісі: оқытушы И.Т.Сермагамбетова.

 Гистология кафедрасының жетекшісі, м.ғ.к. Ж.Е.Көмекбай ішектің лимфоидты түйіндеріне дисбактериоздың әсері жөніндегі алғашқы баяндама қызығушылық тудырғанын айтып кетті. Екінші өкпенің ауаөткізгіш жолдарына әдеби шолу жөніндегі баяндамада және үшінші микроскоп тарихы, түрлері туралы баяндамада жеткілікті баяндалғаны айтылды және бағыт беру жағының толық емес екендігін айтты.

Гистология кафедрасының доценті, м.ғ.к. Г.А. Темирова баяндаушыларға жаңа замануи әдебиеттермен жұмыс жасауларын, жұмыстарын ары қарай дамытулары керектігін айтты. 

 Гистология кафедрасының «Гистолог» СҒҮ –нің кезекті отырысы Zoom бағдарламасы аркылы өткізілген кезекті отырысында баяндаушылар ішектің лимфоидты түйіндеріне дисбактериоздың әсері жөнінде баяндады, өкпенің ауаөткізгіш жолдарына және микроскоптың тарихы мен түрлеріне әдеби шолу жасады. Студенттер ары ғылыми жобаларын гистология кафедрасының ғылыми – зерттеу бағытындағы «Морфологиялық лабораториясында» микроскопиялаудың жаңа әдістерін пайдалана отырып, тәжірибе жүзінде жалғастыратындарын атап кетті.

Студенттердің қызығушылығын тудырып, баяндаушыларға оқытушылар, студенттер тарапынан сұрақтар қойылды. Сұрақтарға мүмкіндігінше нақты жауаптар берілді. Кафедра жетекшісі, м.ғ.к. Ж.Е.Көмекбай, доцент, м.ғ.к. Р.Е.Егембердиева, доцент, м.ғ.к. Г.А.Темирова, аға оқытушы, м.ғ.м. А.К.Бердалинова баяндаушыларға ұсыныстарын айтып, алғыстарын білдірді.