Онлайн семинар

25-29 мамыр аралығында Марат Оспанов атындағы БҚМУ-да COVID-19 тарату, эпидемиология, зертханалық диагностика және емдеу мәселелері бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Онлайн семинары өтті.

Оның жұмысына Марат Оспанов атындағы БҚМУ қызметкерлері, тәжірибелік дәрігерлер, интерндер, резиденттер және Познань медициналық ғылымдар университетінің стратегиялық серіктесі қатысты.

Өзекті тақырыптар тыңдалып, талқыланды:

«Epidemiological and clinical situation with COVID-19 in Poland and in Europe» (лектор Jacek Wysocki MD, PhD),

«Эпидемиологическая ситуация по заболеваемости COVID-19 в регионе Западного Казахстана» (дәріскер Уразаева Салтанат Тураковна, к.м.н., доцент), «Etiology, pathogenesis, clinical picture and management of SARS-CoV-2 infection» (дәріскер  Anna Mania, MD, PhD, Ass. Prof., Department of Infectious Diseases and Child Neurology), «Этиология, Патоморфология, Клиника Коронавирусной Инфекции 2019-NCOV» (дәріскер к.м.н, доцент Кургамбекова М.Ж. инфекциялық аурулар және балалар инфекциясы кафедрасы, және тб. 

Іс-шара барысында баяндамаларды тыңдап, қатысушылар талқылап, сұрақтарға жауап берді,пікір алмасты. Семинарлардың барлық тыңдаушылар үшін маңызы зор.

Презентациялармен университет сайтында танысуға болады www.zkgmu.kz Сovid-19 айдарында