Талапкерлердің басты назарына!

Жоғары оқу орнына түсу үшін талапкерлерге арналған психометриялық тест. Ақтөбе, 2020 жыл

Тесттер бейімделу деңгейін, өзін-өзі басқару қабілетін және оң нәтижелерге жетуге уәждемені анықтауға арналған қолда бар валидтік (жарамды) әдістемелерден тұратын жинақ болып табылады. Тесттер тек ұсынымдық сипатқа ие, бірақ өту міндетті.

Қайта өтуге жол берілмейді.

Арнайы емтиханды өткізу қорытындысы рұқсат беру тізімдемесі мен комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен ресімделеді. Комиссия хаттамасына төраға және комиссияның барлық қатысушы мүшелері қол қояды және қабылданған орны бойынша ЖОО-на ұсыну үшін тізімдемеден үзінді көшірме беріледі.

Тестілеу мынадай түрде бағаланады: Өтті – Өтпеді.

Ескерту: Психометриялық тестілеуден білім беру грантын тағайындау жөніндегі конкурсқа (грантқа өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 13 шілдесінен 20 шілдеге дейін) және ақылы бөлімге (өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 5 тамызынан 11 тамызына дейін, ҰБТ-ді қайта тапсырған тұлғалар үшін ағымдағы жылдың 18 тамызынан 23 тамызына дейін) өтініш беру басталғанға дейін өту қажет. Психометриялық тестілеу нәтижесінсіз сіз білім беру грантын беру конкурсына және ақылы бөлімге қатысуға құқығыңыз жоқ.

Қазақ тілінде өту үшін сілтеме:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSepzAPqhL0jf2hDPUpORgqMqKVQRYEOMkYDzhVKYkG9Im17RA/viewform?usp=sf_link