Диссертациялық кеңестің жұмысы

Марат Оспанов атындағы БҚМУ диссертациялық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты бұл отырыс он-лайн режимінде өтті. Отырыс жұмысына түрлі саладағы мамандар, Ресей, Италия, Польша, Қырғызстан, Қазақстан ғалымдары қатысты.

Ж.Ш.Тлегенованың ғылыми жұмысы артериялық гипертензиямен ауыратын науқастарда жүрекшелер жыбырының таралуы мен қауіп факторларының құрылымы зерттеуге арналған. Ғылыми жетекшілері: Жолдин Б.К. – М. Оспанов атындағы БҚМУ №2 ішке аурулар кафедрасының профессоры, м.ғ.к.. Ғылыми кеңесшілері: Абдрахманов А.С. – медицина ғылым докторы, профессор, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» интервенциялық аритмология бөліміңің меңгерушісі, Қазақстан аритмологтары қоғамының президенті, Нұр Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы және Gulmira Kudaiberdieva – MD, DSc, FESC, профессор, Ғылыми зерттеу және білім беру орталығының директоры, «Heart, Vessels and Transplantation» журналының бас редакторы, Бішкек қ., Қырғызстан; Адана қ., Түркия.

Құрманалина М.А. Ақтөбеде созылмалы апикальды периодонтиттің таралуы, сондай-ақ созылмалы апикалды периодонтитті емдеуде екі фазалық кальций фосфатты биоматериалдарды қолданудың клиникалық және рентгенологиялық негіздемесі бойынша жұмыс жүргізілді. Ғылыми жетекшілер: Ураз Р.М. – медицина ғылымдарының кандидаты, ассоциирленген профессор, Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің стоматология және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасының меңгерушісі; Andrejs Skagers– MD, Dr.habil.med, Стоматология институтының, Бет-жақсүйек хирургиясы клиникасының профессоры, П.Страдыня атындағы Рига университеті (Рига, Латвия); Janis Locs – Dr.sc.ing.,Рига техникалық университетінің Инновация және биоматериалдарды дамыту орталығының профессоры (Рига, Латвия).

Тулеуова Р.Ш. полиқанықпаған май қышқылдары көздерін тұтынудың қазақ халқында жүрек-тамыр ауруларының дамуына әсері туралы зерттеу жүргізді. Ғылыми жетекшілер: Жамалиева Л.М. – м.ғ.к., отбасылық медицина және алғашқы медициналық көмек көрсету орталығының жетекшісі; Гржибовский А.М. – медицина ғылымдарының докторы, Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігінің Федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары медициналық білім беру мекемесі (Архангельск, Ресей) жетекшісі. Солтүстік-Шығыс федералды университетінің профессоры (Якутск).
Диссертанттардың ғылыми зерттеулері Диссертациялық Кеңес мүшелерінің қызығушылығын тудырды және белсенді талқылаулар болды. Шығармашылық жас ғалымдарға және олардың ғылыми жетекшілеріне тілейміз.