ПУМН-мен стратегиялық серіктестік шеңберінде онкологиялық зертханалық диагностика бойынша тренингі
Медициналық ғылымдар Познань университетімен стратегиялық серіктестік шеңберінде 24 маусым мен 16 шілде аралығында “клиникалық тәжірибеге арналған патология бөлімшесінің қызметі – 2 бөлім.
Патология бойынша тәжірибелік клиникалық нұсқаулар. Клиникалық жағдайларды талдау “2b2 міндетке сәйкес” 2b2) онкологтарды даярлаудың барлық деңгейлерінде лекциялар мен семинарлар өткізуге серіктес-университеттің профессорлық-оқытушылық құрамын тарту”.
Әлемде кең орын алған коронавирустың пандемиясына байланысты дәрістер онлайн режимінде Microsoft Teams платформасында өткізілді.
Дәрістерді – Paweł Kurzawa және Dariusz Izycki ПУМН профессорлары жүргізді.
Патология бөлімінің құрылымы мен жұмысын ұйымдастыру, хирургиялық үлгілермен жұмыс істеу, обырдың биология принциптері, дәрі-дәрмектерді әзірлеу және терапия, иммуногистохимиямен және онсыз кеуде қатерлі ісіктерінің диагнозын қою, ауру жағдайлары (кеуде обыры, тоқ ішек обыры, аналық без обыры) талқыланды, кеуде цитологиясы, қалқанша без немесе өкпе негізінде диагноз қою, жатыр мойынының, жатырдың, вульваның және қынаптың патологиясы және диагноз қою үшін қосымша бояғыштарды қолдану қарастырылды., аналық бездердің патологиясы және күнделікті практикадағы күрделі гинекологиялық жағдайлар. Сондай-ақ асқазан патологиясы кезіндегі асқазан-ішек жолдарының таңдаулы мәселелері, нейроэндокринді ісіктер және гистохимиялық, иммуногистохимиялық және молекулалық әдістер қарастырылды.